«Жағдайлардан мықтырақ: ресурстар, қолдау және алға қадам басу»
Жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, мектебімізде «Психикалық денсаулық — ұлт әл-ауқаты» атты он күндік іс-шара ұйымдастырылды. Ол «Жағдайлардан мықтырақ: ресурстар, қолдау және алға қадам басу» тақырыбына арналды.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты — оқушылардың психикалық саулығын сақтауға және жақсартуға ықпал ететін орта қалыптастыру, сондай-ақ олардың эмоционалдық сауаттылығын, өзін-өзі реттеу дағдыларын және өмірлік қиындықтарды еңсеру қабілетін дамыту болды. Ішкі ресурстарды тануға, қажет болған жағдайда қолдау іздеуге және психологиялық төзімділікті (резильенттілікті) қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараны бастау ретінде мектепте арнайы тақырыптық ақпараттық стенд орнатылды. Онда психикалық саулық, эмоционалдық күйлер және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдары сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.
Іс-шаралардың бірі 6-сынып оқушыларына арналған «Өзімді тану: Эмоцияларым — белгі ретінде» атты интерактивті сабақ болды.
Сабақ барысында оқушылар өз эмоцияларын тануды, олардың туындау себептерін түсінуді және олардың көрініс табу жолдарын анықтауды үйренді. Олар ым-ишара мен бет-әлпет арқылы эмоциялық күйлерін сөзсіз жеткізуге жаттықты; бұл олардың байқағыштық қабілеті мен эмоционалдық сезімталдығын дамытуға септігін тигізді.
- 45 reads

